«Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу»
2021 жылғы 16 ақпан күні Дайындық ауылының фельдшері Н.А Шаймерденовамен салауатты өмір салты бойынша «Дайындық негізгі мектебі» КММ-нің оқушылары үшін кездесуін ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу». Кездесуінің мақсаты - ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алудың жолдары және қандай оның қауіпі бар екені туралы. Әлемдік статистикаға сүйенетін болсақ, қазіргі таңдағы жас бойжеткендердің 14 жастағы әрбір оныншы жасөспірім, пәктігінен айырылып үлгерген.
Олардың 12%-ы ұл, 8%-ы қыз. Ғалымдар, жігіттерде жыныстық өмір – 22-24 жаста, ал қыздарда – 19-20 жаста басталуы керек дейді. Сарапшылардың пікірінше, ұлдар үшін жыныстық қатынас – өз достарының алдында беделін көтеруге мүмкіндік беретін құрал. Ал қыздар оны сүйіспеншіліктің белгісі деп түсінеді. Дәрігерлер ерте басталған сексуалдық белсенділік, келешекте жаман нәтижеге әкеледі деп айтуда.
Дәрігермен әңгіме ашық жүргізілді. Қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойды, талқылауға белсене қатысты. «Менің міндетім – жас бойжеткендерге ерте жүктіліктің салдарын және оның алдын алу жолдарын түсіндіру. Біздің қоғамда жыныстық сауаттылық жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа тусуіне одан сайын түрткі болады деген миф бар. Бұлай деу орынсыз. Осыған дейін көптеген зерттеулер жүргізілгендіктен жасөспірімдер лекциялар тыңдау арқылы жауапкершілікті сезініп, ерте жүктіліктен сақтану керегін, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар туралы біледі. Жыныстық қатынас тақырыбында жасөспірімдермен сөйлескенде, ата-аналар оның физикалық зиянын ғана емес, әлеуметтік және эмоциялық зардаптарын түсіндіруі керек. Ата-аналар, балаларыңызды қадағалаңыз!
Қыздар өз сұрақтарына, сондай-ақ көптеген жаңа және қажетті ақпаратты алды. «Ерте жыныстық қатынас пен жүктілік» туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер