Қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі балалардың қадағалаусыз қалуы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық болып табылады. Балалардың бақылаусыздығының пайда болуының негізгі себептері: материалдық, отбасылық әлеуметтік проблемалар. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі шараларды жетілдіру мақсатында 18 ақпан күні Смирнов №3 орта мектебінде 8-11 сыныптар арасында КЖТ инспекторы Акбарова Дана Арғыновнаның басшылығымен "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу", "Жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу" іс-шарасы өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау