Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің кітапханасында «Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында бастауыш сыныптарда «Кел,кітап оқиық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.Мектеп кітапханасы –кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне ,саяси сапасын қалыптастырып,ғылыми,мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір әлеуметтік орын.Кітапханаға оқушылар келіп,қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады. Осы орайда кітапханамызға бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерімен келіп ,өздеріне ұнаған көркем әдебиет кітаптарын оқып,өз ойларымен бөлісті.