«Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ ұжымы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасымен ұсынылған «Час дозвона» акциясына белсене қатысты. Мектеп ұжымы өз туған-туысқандарына, достары мен таныстарына телефон соғып, елімізге, халқымызға төніп тұрған індетке шалынбаудың жолдарын атап өтті, яғни қоғамдық жерлерде маска кию, 1,5-2 метр қашықтықты ұстау, жеке гигиенаны сақтау, антисептик қолдану, көршілерге баруды шектеу, отбасылық мерейтой, және т.б. іс-шаралады қысқарту. Өзіңді және өз туғандарыңның денсаулығын сақта! Біз біргеміз!