17.11.20ж. күні, Нұр-сұлтан қаласындағы «Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру орталығы» ZOOM-платформасы арқылы қызықты әрі пайдалы іс-шара өткізілді. Осы конференцияның тренері- Хамзин Қанат. Осы конференцияның мақсаты – жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын ұстану, ішімдіктен және де басқа да зиянды әдеттерден сақтандыру. Адам ағзасына темекінің, ішімдіктің , есірткінің зиянды тұстарын айтып түсіндіру. Осы онлайн конференциясына Смирнов №3орта мектебінің 6-11 сынып оқушылары , сынып жетекшілері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік ұстаз, психолог белсене қатысты. Конференция барысында әртүрлі презентациялар қөрсетілді. Балаларға түсінікті әрі пайдалы кеңестер айтылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау