11.11.2020 жылы «N3 Смирновская орта мектебі» КММ-де 5-11 сынып оқушылары арасында «Пайдалы ойындар» робототехникасы бойынша онлайн-тренинг өтті. Тренингті информатика мұғалімі Ж.М.Жантлесов ұйымдастырды. Тренингтің негізгі мақсаты - бағдарламалау және алгоритмдеу байланысты логикалық ойлау қабілеті бар, шығармашыл, техникалық сауатты тұлға тәрбиелеу. Тренинг аясында жоғары сынып оқушылары «Кодтың сағаты» онлайн ойынында (https://hourofcode.kz/) бағдарламалау дағдыларын дамытты, онда көпшілік өте жақсы нәтиже көрсетті. Ал 5-6 сынып оқушылары арасында «Робот менің көзіммен» суреттер байқауы өтті. Бұл тренингте біз роботтың не екенін білдік, қолдану саласы мен роботтарға арналған бағдарламаларды өз бетінше құруды үйрендік.