Смирнов №3 орта мектебі
ХАТТАМА
Жолдау 01.09.2020 жылы жолданды.
Өткізілген күні: 02.09.2020
Қатысқандар: 70 адам
Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын талқылауы
Күн тәртібінде
Тыңдалды:
Мектеп директорының м.а. А.Б.Бекмурзенова Елбасымыздың Жолдауы бойынша кіріспе сөз сөйледі.
Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында білім саласы мен түлектердің жоғары білім алуына жағдай жасаудың қажеттілігіне жете тоқталып өткен болатын. Елбасы: «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет», - деген сөзінен-ақ жарқын болашақтың қадамы білімнің тұнығымен келетінін атап айтты. Мектеп қабырғасынан бастап қазіргі заман талабына сай жастардың білімі бәсекеге қабілетті болып, өзінің көзқарасын, ілімін өмірде қолдана алатын тұлға қалыптатыруымыз қажет. Келешектің кемелі – жастар қолында. Сондықтан да Елбасы жастардың білімі мен әлеуметтік мәселесіне басты назар аударды десем артық айтқаным болмас.
Хатшының қолы: ___________
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау