ҚОЛДЫ жиі жуу Әрине, бұл ереже бұрыннан таныс. Дегенмен, көпшілік жиындар мен қоғамдық орындарда, әсіресе әжетханаларда қолды сабындап жуатындар аз. Сондықтан, мұндай орындарда және үйге келгенде міндетті түрде қолды сабындап жууды естен шығармаған жөн. Бұл – вирустардың таралуын тежейтін бірінші тәсіл. Қоғамдық көлік; Әжетхана; Жануарларды ұстау; Жануарлардың азық-түлігін ұстау; Аурудың заттары мен онымен қатынаста болу; Қоқыс тастау; ЖҰмыстан үйге оралған соң; Түшкіру мен жөтелуден соң міндетті түрде қолды САБЫНДАП жуу керек. Жуылмаған қолмен ұстамау Қандай да бір бактерия немесе вирус болмасын, оның ағзадағы шырышты қабаттарға түспеуін қадағалаған жөн. Яғни, жуылмаған қолмен мұрын, ауыз, көзді ұстамау және уқаламау қажет. Сонымен қатар, шаш пен мұрт, сақалды да ұстамаған жөн. Түшкіру мен жөтелу Түшкіру мен жөтелу әдебі бар. Ал қазіргі жағдайға байланысты, мұндай сәтте тоса қоятын қағаз майлықтың (салфетка) болғаны дұрыс. Онымен түшкіргенде және жөтелгенде мұрын мен ауызды жауып, болған соң қоқыс шелегіне тастау керек. Содан соң міндетті түрде қол сабындап жуылады. Егер қолда майлық болмаса, шынтақ буынымен қалқалаған дұрыс. Сол сияқты, күн сайынғы тұрмыста қолмен ұстайтын заттарды (есік тұтқасы, қосқыштар мен розеткалар, телефон, теледидардың басқарғышы, компьютьер тышқаны және т.б.) құрамында спирті бар залалсыздандырғыш құралмен жиі сүртіп тұрған жөн. Әсіресе, үйде отбасы мүшелерінің бірі тұмаумен ауырып жатқанда мұндай шараны жиі жасау қажет.