Коронавирус
Коронавирус инфекциясы деген не?
- коронавирус – вирус инфекциясының 2019-nCoV деп аталатын жаңа типі;
- жоғары тынысалу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруына, өкпенің қабынуына, өлім-жітімге cебеп болуы мүмкін;
- 2019 жылы Қытайдың Ухань провинциясында анықталды;
- вирус басқа елдерге сапарға шыққан адамдармен бірге таралады;
- коронавирус өте жылдам тарайды;
- коронавирусты жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі Қытайда тіркелген;
- Хубэй провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған;
- індет ошағына автобус пен пойыздардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;
Коронавирус белгілері:
- дене қызуының көтерілуі;
- тұмау;
- бас ауруы;
- жөтел;
- тамақ ауруы;
- әлсіздік;
- іш өту.
* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.
Диагностика
Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:
- қан анализін;
- несеп анализін;
- лаборатория зерттеулерін;
- ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.
Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Инфекцияның берілу жолдары:
- көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
- тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)
Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.
Профилактика шаралары:
– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотон ерітіндімен жуу;
– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
– бөлмені желдету;
– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
– катарал құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;
– коронавирус жағдайы тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
– адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер