«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі » КММ-де алғыс күніне байланысты «Алғыс айту- парызым»атты апталық өтті. Апталық барысында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды, «Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылар арасында «Үлгілі отбасы» тренингі өткізілді. Балалар ұялы телефон арқылы аналарына өздерінің махаббаттарын жеткізді және дөңгелек стол отырысында өз отбасы туралы әңгімеледі,пікір алысты. Алғыс күніне орай флешмоб көрсетілді, линейка, сынып сағаттары өтті. Осы мерекеге байланысты ата-аналар жиналысында мерекелік концерт, «Өмірге риза болып,алғыс айт!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау