Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

"Педагог мәртебесі туралы" Заңды талқылаймыз

Аққайың ауданы , «Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдері Қазақстан Республикасының  «Педагог  мәртебесі  туралы »Заңын үлкен қуанышпен  қабылдады.  Әрбір мұғалім Заңның 21 бабын  да мұқият оқып, өзара пікір алысты. Мектепте Заңды талқылау әр түрлі формада өтті: өндірістік жиналыста, әдістемелік кеңес отырысында, әдістемелік бірлестік отырыстарында. Ұстаздар  өз ойларын ортаға салып, үкіметіміздің бұл заңының әрбір педагогке шабыт беретінін  қуанышпен айтып берді. Өндірістік жиналыста сөз сөйлеген З.А.Сапарова,И.А.Сатубалдинова,Г.М.Бекмағамбетова сияқты пән мұғалімдері  «Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары» туралы  7-баптағы мұғалімдердің кәсіптік қызметін жүзеге асырудағы қамтамасыз етілетін тиімді жағдайларды , Заңды қолдайтындықтарын  атап өтті.  «Педагогтік әдеп» /5- бап/ туралы талдағанда, мектеп әкімшілігі де : «Бұл –аса маңызды құжат, ұстаздардың мерейін үстем етіп,абыройын көтеріп отыр, ендеше ұстаздар да бар күш-жігерін жас ұрпаққа  сапалы білім беруге жұмсап, педагогтік әдепті сақтауға міндетті» ,-деп ұжымды үлкен жауапкершілікке шақырды.  Мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бірауыздан   құптады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь