Оқушыларға сүйіспеншілік туралы мәлімет бере отырып, бірін-бірі сыйлап құрметтеуге баулу, кешірімді болуға үйрету мақсатында Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 1-4 сынып оқушылары арасында « Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты пікір сайыс өткізілді. Бұл пікірсайыста оқушылар өз ойларымен бөлісіп, «Сүйіспеншілік» туралы видеороликтерді тамашалады.