8 сынып оқушысы Амантаева Альмира
«Ата – анамның қолдауы өте маңызды!»
Мектеп өмірінде топ жарып, түрлі жарыстардағы жеңістерімен ұстазының мерейін асқақтатын оқушылардың орны бөлек. Еңбегінің жемісін көрген ұстаз атаулы жұмысына жаңа жігер-күшпен кірісетін болар. Дәл осындай мектебінің мақтанышына айналып үлгерген, дарынымен дараланып, сайыста алдына жан салмайтын жас өрен – Смирнов №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Альмира Амантаева 2-ші қарашада өткен кекушинкай каратэ бойынша І орынның жүлдегері атанып, қала әкімінің кубогын иеленді. Осыған орай, Альмираның жеңіспен оралған қуанышты сәтімен бөлісу үшін сұхбат алуды жөн көрдік.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау