Семинар тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын көтеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдану»
2.05.2019 жылы Смирнов №1 орта мектебінде жоспар бойынша семинар-практикум өтті. Семинар тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын көтеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдану». Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рахметова Эльмира Ельтаевна.
«Сапа тұжырымдамасын мұғалім қалай түсінсе, оқушының да солай түсінуі, жұмыс нəтижелерінің сапасын үздіксіз бақылау мүмкіндігі жəне кез келген сəтте пайдалануға болатын баламалы адымдар мен стратегияларға қол жеткізу оқытуды жақсартудың міндетті шарттары болып табылады». Ройс Сэдлер демекші...
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру.
Семинарға 10 шақты мұғалім қатысты. Эльмира Елтайқызы қалыптастырушы бағалау жайлы теория мен тәжірибені алмастыра отыра айтты. Сабақтарында қалыптастырушы бағалаудың "Бас бармақ", "Мадақтау", "Өзін-өзі бағалау", "Бағалау парағы" сияқты түрлерін жиі қолданып, одан нәтиже бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, семинарға қатысушы мұғалімдер де Альбекова Л.К және Наурызбаева А.У. сабақтарында "Екі жұлдыз бір тілек", "шапалақ", "бағдаршам" т.б. қалыптастырушы бағалаудың түрлерін өте жақсы қолданатындарын айтты. Семинарға қатысқан мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындап, Қазақстандық мінсіз оқушы моделін жасады, бағалаудың түрлері мен әдістері көрсетті. Әр мұғалім өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, білім сапасының көтерілуіне қалыптастырушы бағалаудың қаншалықты пайдалы екенін атап өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер