Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі

 
Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің нышаны. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі 20.03.2019 жылы Смирнов №1 орта мектебінде тойланып өтті. Мейрамға 5-11 сыныптар қатысып, жақсы бір әсерде қалды. Мерекелік бағдарлама мектептің акт залында бастамасын алды. Онда құрметті қонақ өз батасын беріп той думанымызды ашып берді.
Сонан соң құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Суендыковке Ж.Д.  берілді.
Құттықтаулар мерекелік концертпен жалғастырылды. Сахнада 5-11 сынып оқушылары қазақтың салт-дәстурлері мен ырымдарын көрсетті. Іс-шараны ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Рахметова Э.Е. және Альбекова Л.К. Әр сынып дастарқан жайып, қазақтың салт-дәстүрлерін паш етті. Әрине, сынып оқушылары қонақ кәде ретінде өз өнерлерін де көрсетті. Ұлыстың ұлы күні- Наурыз бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан. Мектептің әр оқушысы Наурыз мейрамының қаншалықты таза, ашық, көңілді екенін, осы күні күн мен түннің теңеліп, жердің жаңарғанын біліп кетті. Наурыз мерекесіне қазақтың әр ауылы бесікке салу, байғазы, сәлем салу, беташар, киіт, тілашар, тұсау кесу, құйрық бауыр, ерулік сияқты салт-дәстүрлермен таныстырды.
Асхана қызметкерлері «Мукажанов» ЖК әр үстелге ыстық бауырсақтан таратты. Мейрамда ата-аналар да қалыс қалмай, белсене қатысты. Қарттар үйі акт залын безендіруде өз үлестерін қосып, әдемі суреттерін сыйлады.
Наурыз мейрамы қарсанында барлық ұстаздар мен оқушылардың көңілдері шаттық пен қуанышқа толып, тілектер айтылды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз меркесі баршамызға құтты болсын ағайын!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь