Нұрсұлтан Назарбаевтың: Ұлы даланың жеті қыры – Egemen Qazaqstan мақаласын талдауы.
«Дайындық негізгі мектебі» КММ-нің ұжымы мемлекеттің басшы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласымен танысып, талқыладық.
Бірінші сөз мектеп директоры – Рамазанов Талгат Сакенович алды. Ол жалпы бұл мақалаға шолу жасап, ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында келелі әңгіме қозғалды.
Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Тарихымыздың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге үндеп отыр. Біздегі мақсат – өздеріңізбен ой бөлісіп, ақылдаса отырып, бірге істейтін алдағы шараларымызды айқындап алу. Мақаланың төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасының жалғасы екенін, жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды ете түсудің шешуші сәті екенін айтып өтті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде жазылған дүние. Өйткені өз тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеу қажет. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз?» деген сұрақтарға терең де толымды жауап беретін тарихымызды жүйелі түсінуіміз қажет. Елбасы бастамасымен атақты тарихи тұлғалар мен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуға, «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын жүзеге асыруға және мектептер мен барлық өңірдегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құруға, сонымен бірге Қазақстанның өркениеті тарихының үздіксіз дамуын көрсететін фильмдердің арнайы циклін өндіріске енгізу сияқты бастамаларға қатысты қоғам қайраткерлері нақты ұсыныстарын айтып, шараның жоғары деңгейде өтуіне ерекше атсалысатындарын жеткізді. Алдағы уақытта қазақ елінің әлемдік өркениеттегі орнын және үлесін көрсету мақсатында мақалада айтылған ұсыныстар негізінде кешенді іс-шаралар қолға алынатын болады.
Келесі сөз оқу ісінің меңгерушісі – Нурмаханбетова Самал Абулаисовна сөз айтты.
Бұл маңызды еңбек «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Мақалада еліміздің бай тарихын бүгінгі күнге ұштастырудың жолдары мен қағидаттары жан-жақты сараланды. Ел тарихының айшықты қырлары мен оны түгендеп, терең зерделеуді қажет ететін тұстары туралы Мемлекет басшысының ой-толғаулары жазылған. Маңызды еңбекте Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өркениеттегі және тарихтағы орнын айшықтайтын материалдық һәм рухани мұраларымыз туралы жан-жақты зерделенген. Нұрсұлтан Назарбаев осы мол мұрамызды сақтап және әрі қарай терең зерттеу үшін аса қажетті ірі жобалардың бастау алатындығы туралы жазған.
Енді біз де шетте қалмаймыз. Алты іс-шара жоспарланып отыр. Біріншіден, «Архив -2025» біз жеті жылдың ішінде толық құжаттарымызыды жөндеп, ретке келтіру қажетпіз. Екінші бөлім бойынша «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты ағарту энциклопедиялық саябақ ашылады. Біз өз еліміздің ұлы тұлғалардың есімдерін білетін болуымыз керек. Үшінші «Түркі әлемінің генезисі» 2019 жылы Астанада Туркологтар дүниежүзілік конгрессі ұйымдастырылады. Төртінші «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» Ежелгі Отырар қаласын қалпына келтіру, туристік жоба ұйымдастырылады. Бесінші «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» -«Ұлы даланың көне сарындары» жинағы басып шығарылады. Алтыншы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» Қазақстанның өркениет тарихын көрсету үшін деректі фильмдер циклдары енгізіледі. Біз өз елімізде, өз мектебімізде төл тарихын білетін, мақтан ететін оқушыларын тәрбиелеуге осы бағдарлама арқылы жүзеге асырамыз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау