«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Қазақта тұңғыш Елбасы,
Пана боп Алла, қолдашы!
Тілменен Дінді сақтаған,
Бар Қазақ Сіздей болсашы!-деп бәріміз бір ортақ ойға келеміз. Елбасы деген сөз ол жоғары мәртебелі сөз . Себебі елміздің жалғыз тұңғышы, біздің құрметті де, ардақты да асыл жан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Міне 27 жыл бойы Еліміздің басқарушысы Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті еңбегі шексіз. Отанымыздың жылдан жылға көркейіп бүкіл әлемге танымал елге айналып, еліміздің жоғары дәрежеге жеткені туралы кішкентай бүлдіршінен , қарт адамға дейін белгілі. Ол өте үлкен қуаныш және жетістік. Сол жетістікке жету сонау 1991 жылдың 1 желтоқсан күні , халық сайлау кезінде біздер яғни біздің үлкендерміз дұрыс таңдау жасаған.
Халықтың таңдауынан өткен дара,
Қиындықпен, белестерге жеткен дана.
Халқымыздың жағдайын жақсартатын,
Елбасымыз әрдайым асқақтасын дегендей біздің мекебімізде Тұңғыш Президент күніне байланысты
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты іс –шара бекітіліп ,толық мектеп қатысып арнайы құрылған жоспар бойынша жұмыс жүргізілді.
Бұл іс –шараға жауапты информатика пәні мұғалімі А.Жантлесова болды. «Менің сүйікті Елбасы» атты -шығармалар мен эссе жұмыстары жазылды, «Елімнің Тұңғыш Президенті атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Апта бойы «Менің балалақ шағымның аспаны» атты киносы көрсетіліп сондай –ақ Елбасы туралы баяндамалар, сынып сағаттар өткізілді. Мерекелік іс –шарасына бүкіл мектеп қатысып ән -ұран шырқалып мектеп директоры Т.С.Рамазановтың құттықтау сөзімен басталды. Бүлдіршіндермен оқушылардың әсем өлен тақпақтары айтылып және қыздардың биі орындалды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау