«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»
Кеше Дайындық негізгі мектебі бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп директоры Рамазанов Талгат Сакенович жиналыс кезінде жалпы талқыланатың сұрақтармен таңыстырып, мектеп бойынша білім беру жүйесінің жетістіктерін айтты.
Сонымен қатар мектептін қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту туралы, атқарылып жатқан жұмысын ашып көрсетті. Оқу процесін цифрландыру бойынша қазіргі кездегі «kundelik.kz», «bilimland» бағдарламалары бойынша оқыту жүйесімен өзара тығыз байланысы және зор үлес көрсететінің дәлелдеді.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары бойынша оқу ісінің меңгерушісі Нурмаханбетова Самал Абулаисовна мектеп оқушылардың білім деңгейін жариялап оқу жылының қорытындылау емтихандарымен және оқыту жүйесіндегі жаңартылған бағдарлама бойынша талқылады.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Губайдуллин Марсель Шарифянович жалпы жыл бойынша мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан жұмыстармен таңыстырды. Жəне жалпы ата - аналардың сұрақтары талқыланды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау