Мұғалім өзінің білімін үздіксіз
көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
оқуды, ізденуді тоқтатысымен
оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы орыс педагог, педагогиканың негізін қалаушы К.Д. Үшинскийдің келтірген сөзі қазіргі уақытта да аса актуалды. Өйткені қарқынды дамып келе жатқан әлемде педагогикалық ғылымға үлкен талап қойылуда. Заман талабына ілесіп жүрү - адамзаттан көп білімді қажет етеді. Ал қажетті білім беру – бұл мұғалімнің құзырлығы. Демек мұғалім өзі де үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Менде 22 жыл жұмыс өтілім болғанымен мұғалімдерге арналған қайта даярлау, білімін жетідіру курстарына, деңгейлік бағдарлама негізінде құрылған курсқа қатысып , пән бойынша әдістемелік әдебиетерді оқып, интернет желісіндегі педагогикадағы жаңалықтарымен танысып білімімді жетілдіруге тырысамын. Өйткені оқушыға сапалы білім беру үшін мұғалім өмір бойы оқуы керек.
Биылғы 2017-2018 оқу жылында мен жаңартылған бағдарлама бойынша курста болдым.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр – сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр – сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, қарым - қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан - жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс - тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
– Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;
– Ұлттық тілінде оқытатын мектептердегі география оқу бағдарламасын жаңартудың мақсаты;
– Спиральді оқу бағдарламасы;
– Географияны оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;
– Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;
- Критериалды бағалау қағидаттары тақырыптарында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу арқылы кәсіби тұрғыдан шыңдала түсуімізге көп ықпалын тигізді.
Осыған орай мен оқушыларды өздігінен білім алуына, қажетті білімді таңдауына, оны бағалауға, өмірде табысты қолдануға үйрету мақсатында жоғарыда аталған әдістемелік тақырыпты таңдадым.
Оқушылардың өз бетінше білім алуы адамның жалпы құзырлыққа жатады, соның ішінде ақпараттық құзырлық: (қажетті ақпаратты іздеу, таңдау, талдау, оны интерпритациялау, сақтау қайта өңдеу, бөлісу). Ол үшін оқушыда:
География пәнінен қатысты ақпаратты құзырлық деп:
Бірақ, оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету бұл – оқулықпен және басқа ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге үйрету ғана емес. Сонымен қатар оқушылар сабақ үстінде де жұмыстың осындай түріне үйрету керек. Мәселен:
Аталаған құзырлықтарды оқушы бойында дамыту үшін оқытушының өзі де білімді, шығармашыл, білім беру әдіснамалардан хабардар болу керек. Сондай әдістеріне интерактивті әдістер жататыны мәлім. Мұғаліммен оқушы бұл әдістер несімен жақсы?
Біріншіден, сабақ үстінде мұғаліммен оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас байқалады.
Екіншіден, оқушымен оқушы арасындағы қатынас нығая түседі.
Үшіншіден, оқушылар өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйренеді.
Төртіншіден, оқушылардың оқу белсенділігі артады, нәтижесінде білім сапасы да көтерілуі тиіс. Ал, бұл ұстаздық қауымы қызметінің алдына қойылған басты міндетіміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау