СҚО, Аққайың ауданы, Дайындық ауылы
«Дайындық негізгі мектебі» КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі
Туған жылым: 10 қазан 1970 жыл
Білімім: жоғары
Диплом бойыншы мамандығым: педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі
Бітірген оқу орным: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2006 ж.
Еңбек өтілім: 27
Біліктілік санатым: 1
Оқушыларды оқытудағы мақсатым- балаларды берілген білімдермен сусындырып, қазіргі жаңа технологиялармен оқушының жас ерекшеліктеріне сай таңдап алып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Баланың іргетасы бастауышта қаланады делінген, сол іргетасты мықты әрі берік ету.
Алдыма қойған міндеттерім:
Мақсат пен міндеттерді орындаудағы құралдарым:
«Адам байлығының ең тамашасы- білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді» деген Әл- Бирунидің жақсы бір ойы бар. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Ол үшін жаңа бетбұрыс керек. Қазір ұстаз мойнына көп жүк артылып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- бүгінгі жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады»- деген ұран тастап отыр. Сондықтан егеменді елдің ертеңі оқу- білімнің тереңдігімен өлшенеді.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру жүйесінде жаңа технологиялар өмірге келуде. Осы педагогикалық технологияларды жете түсініп, оны меңгеру мұғалімнің өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруға көмектеседі.
Осы 27 жылдық педагогикалық тәжірибемде балаларға саналы білім беру мақсатында бірнеше технология түрлерін оқып , ой елегінен өткізе отыра сабағымда элементтерін қолданған болатынмын.
Соның ішінде 2016 жылдан бастап 7 модуль технологиясының негізін басшылыққа ала отыра қолданамын .
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
7 модуль технологиясы бойынша сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасау керек. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі. Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.
Оқушыларымның жетістіктері:
№ | Шаралар | Жыл | Нәтиже |
1 | Мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылар жобаларының «Нұрлы көжек - 2013» атты облыстық байқаудың екінші туры. Сагандыкова Арайлым, 3-сынып. | 2013 | Сертификат
|
2 | Игра-конкурс «Русский медвежонок» Губайдулина Карина, 3сынып | 2014 | Сертификат |
3 | Интеллектуальный марафон «Ақбота -2014» Губайдулина Карина,3-сынып | 2014 | Сертификат |
4 | Международный игровой конкурс по естествознанию «Человек и природа» Губайдулина Карина, 3-сынып | 2014 | Сертификат |
5 | VII республикалық КАТЕV «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының «Сөз шеберлері» номинациясының аудандық кезеңі Губайдулина Карина, 4-сынып | 2014 | ІІ дәрежелі диплом |
6 | Игра-конкурс «Русский медвежонок» Салимова Айсауле, 4-сынып | 2015 | Сертификат Диплом І степени |
7 | Игра-конкурс «Русский медвежонок» Каип Әділбек, 4-сынып | 2015 | Сертификат |
8 | Халықаралық «ПОНИ» конкурсы (Пойми! Открой! Найди! Исследуй!) Саурбаев Арыстанбек, 2-сынып | 2015 | Сертификат |
9 | Халықаралық «ПОНИ» конкурсы (Пойми! Открой! Найди! Исследуй!) Жагипарова Гульдария, 2-сынып | 2017 | Сертификат |
10 | «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ, ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ» Қоғамдық Қоры . І Республиканская олимпиада начальных классов по математике. Саурбаев Арыстанбек, 3-сынып | 2017 | Сертификат Диплом І степени |
11 | «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ, ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ» Қоғамдық Қоры . І Республиканская олимпиада начальных классов по познанию мира. Марат Альбина, 2-сынып | 2017 | Сертификат Диплом ІІІ степени |
12 | «IQ» - Интеллектті дамыту орталығының 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырған «Сырлы бояулар» атты білімділер байқауында рухани жаңғырудың үздік үлгісін үздік туындысы. Саурбаев Арыстанбек, 4-сынып | 2017 | Диплом ІІІ орын |
13 | Халықаралық «ПОНИ» конкурсы (Пойми! Открой! Найди! Исследуй!) Саурбаев Арыстанбек, 4-сынып | 2018 | Сертификат |
Менің жетістіктерім:
№ | Нәтиже | Шаралар | Жыл |
1 | Сертификат | «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы. ҚИО. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін. | 2015 |
2 | Сертификат | ІІ-ой открытый конкурс для педагогов, родителей и детей «Семейный котел», посвященный 70-летию Победы ( с Всероссийским и международным участием) в номинации «Открытка». | 2015 |
3 | Грамота | – «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ, ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ» Қоғамдық Қорының І Республикалық бастауыш сыныптар үшін олимпиада За активное участие в Республиканской олимпиаде по математике и познанию мира. | 2017 |
4 | Мадақтама | CENTER РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛЕТІН ОЛИМПИАДАЛАР, БАЙҚАУЛАР ПОРТАЛЫ «IQ» -Интеллектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық білімділер байқауына оқушы қатыстырып, баланың шығармашылық шабытын аша білгені үшін. | 2017 |
5 | Алғыс хат | Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ақпараттық қолдау және Республика көлемінде "Online Google Groups" жобасы аясында кезінде атқарылған белсенді қызметіңіз үшін қолдаушы ұйымдар мен ұйымдастырушылар атынан алғыс | 2017 |
6 | Алғыс хат | Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ақпараттық қолдау және «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» тақырыбымен тұрақты өткізілетін ақпараттық, ғылыми, практикалық республикалық семинарлардың жұмыс бағдарламасы бойынша материал жарияланды және Республика көлемінде "Online Google Groups" жобасына қатысқаныңыз үшін алғыс | 2017 |
7 | Сертификат | Ұстаздың еңбегі Республикалық www.bilimnur.kz порталында жарияланды. Жарияланған еңбектерінің тізімі: Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.Халықаралық Интернет ресурс www.bilimnur. kz
| 2017 |
8 | Сертификат | Ұстаздың еңбегі Республикалық www.bilim-gylym.kz порталында жарияланды. Жарияланған еңбектерінің тізімі: 1. Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. | 2017 |
9 | Серификат | Ұстаздың еңбегі Республикалық www.metodist.kz порталында жарияланды | 2017 |
10 | Сертификат | Ұстаздың еңбегі Республикалық www.orley.kz порталында жарияланды. | 2017 |
11 | Сертификат | «Білім берудегі балалар – балаларға білім беру» электрондық газетте оқу материалын жарияланғанын растайды. Жариялынымның атауы мен сілтемесі: «Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асырудағы мұғалімнің рөлі». «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» | 2017 |
12 | Сертификат | Настоящий сертификат выдан в подтверждение включения материала в Выпуск №6(8) (ноябрь-декабрь 2017 г.) Республиканского научно-методического журнала «Просвещение» ISSN 2519-4488 Название материала: Ата-аналар жиналысы «Баланың бас ұстазы – ата-ана» | 2017 |
13 | Сертификат | publications.thesis.kz сайтында «Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асырудағы мұғалімнің рөлі» жұмысын жариялағаны расталды. | 2018 |
Соңғы бес жылда оқушылардың білім сапасы төмендегідей:
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 80%
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 80%
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 50%
Үлгерімі: 100%
Білім сапасы: 66%
Ұрпақ тәрбиесі ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз қауымына артылатын жүк оңай емес, сондай қиын істі атқарып жүрген әріптестерім алдағы күнде де құрметке бөлене берсін. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу - заман талабы. Бұл міндетті орындауда өз басым бар күш жігерімді аямай еңбек етемін, өзімнің сөзімді мына жыр жолдарымен аяқтағым келеді:
Ұстазға керек үлкен жүректілік,
Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.
Шын беделі – ел таңдауы, халық сыйы.
Оны ешкім бере алмайды үлестіріп.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау