Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

«Бір ел-бір кітап»-2017 Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары.

Тақырыбы: «Бір ел-бір кітап»-2017

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары.

 

«Смирнов №3 орта мектебі» КММ кітапханасында 8-10 сыныптар арасында өткізілген «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы туралы  оқырмандар конференциясының бағдарламасы.

 

Мақсаты: оқырмандарға  жалындаған  жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ  халқының күйінің тұмшаланған қараңғылығына  налып, білімді,сауатты,жан-жақты оқыған,жаңашыл қоғамның өмірін аңсап,армандап кеткен дара ақын  С.Торайғыровтың шығармаларын  насихаттау.

«Қамар  сұлу» романын оқып,талдай отырып, ақынның  еңбектерінен, ақын туралы жазылған  естеліктерден кітап көрмесін ұйымдастыру , медиа кабинетте  компьютер арқылы слайдтар  жасап  көрсетіліп тұру.

І. Кіріспе  бөлімі

С.Торайғыров – дара  ақын

/кітапханашы  А.Мукашева /

 ІІ.Негізгі  бөлім

 1.Ақынның  өмірімен  шығармашылығы.

 2.Жазушының «Қамар  сұлу» романына   шолу.

3.Романдағы  басты  кейіпкерлерге мінездеме.

4.Жағымсыз кейіпкердің бейнесін  ашу.

5.Романдағы  көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге  тоқтату.

6.Роман  кейіпкерлерін  қазіргі заманмен байланыстыра салыстыру.

 7.Менің қиялымдағы - «Қамар  бейнесі» атты тақырыпта ой бөлісу.

8.Романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны және тарихы маңызы.

9.Қорытынды.

Құрметті  оқырман  қауым!

Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша өздеріңізге  таныс қазақ  халқының  ХХ – ғасырдың  басындағы қазақ  әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушысы  С.Торайғыровтың шығармалары  жыл кітабы деп жарияланды.

Ел басына күн туған алапат  кезеңдерде С.Торайғыровта  қазақ зиялыларының қатарынан  табылған .ұлттық сананы оятуға жалын  ата үн қосты.Жалындаған  жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап ,қазақ халықының тұмшаланған  қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан-жақты оқыған, жаңашыл қоғамның  өмірін  аңсап, армандап кеткен  дара жазушы.

*Ақының  өмір  жолы, шығармашылығы жайындағы

8 сынып  оқушысы Байдуллаева Алтынай баяндап  береді.

Бүгін  біз өздеріңізбен жазушының  еңбектерінің бірі – «Қамар сұлу» романы қоғам  шындығын  көрсететін , әйелдер теңсіздігі,  махаббат мәселесін көтерген туынды.

 Қазір бізге «Қамар  сұлу» романына шолуды 8 сынып  оқушысы  Халил Дана әңгімелеп  береді.

Қамар  елге сыйлы, ақылды ару, білімі бар, ауылындағы бозбалалардың көзіне түсіп жүрген қыз, ол жайында 8 сынып  оқушысы Бостанова Дана айтады.

Келесі жағымды кейіпкеріміз –Ахмет – кедей шаруа ортасынан шыққан,оқыған жігіт. Оның бойында ақындық ,сөзге шешендік, сыпайылық, достарына қадірлі азамат болған.

 Бұл жайында 8 сынып оқушысы Балташ Алдияр әңгімелеп берді.

 Енді романда діттеген әке мен бала  проблемасы өз кезеңіндегі қоғамдық- әлеуметтік өткір мәселелер  ауқымында көрсетілген. Халықтың  ауыз әдебиеті  мен жазба әдебиеті нұсқаларында  еріксіз  ұзатылатын қызға жаны ашитын  жалғыз  адам  әдетте шеше ғана болатын да, әке көбінесе  қатал мінездерімен  көзге түсетін. Қазақ ауылындағы әке атаулының  бәрі  қатал  еместігін,оның  ішінде қызының тағдырына қабырғасы қайыспайтын, мейірімді әке барын, бірақ  олардың заман әділетсіздігінен аса алмайтын С.Торайғыровроманында Омар бейнесі арқылы  шынайы көрсете алған.

Осы Омар бейнесін  9 сынып оқушысы Байкенов  тарқатады.

 Шығарманың  соңында Омар қатал заманның соққысынан  еңсесі түскен, ессіз адамның бейнесінде  көрінеді.

Келесі романдағы жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.Тағдырдың талқысына  түскен Қамардың бағына, мал-мүлкіне, ақшасына, дәулетіне, атақ даңқына   мастанған Жорға Нұрым тап болды. Шығармада ол жағымсыз кейіпкер  ретінде суреттеледі, бұл жайында 9 сынып оқушысы Нуртазинова Ляззат айтып береді.

 Әйелі  өлгеннен кейін, төсек  жаңғырту  мақсатында Жорға  Нұрым енді ғана гүлдеп келе жатқан Қамарды   алғысы  келеді.Оның бұл қылығы ақылсыздық. Өйткені Қамардан  басқа ел ішіндегі өзіне тең келер адам  таппағаны ма?

Жағымсыз  кейіпкерлердің  бірі – Қалтай  қажы мен Оспан би –Нұрымның жемтіктес достары. Оларға  да дөрекілік, зорлық-зомбылық, зұлымдық, жексұрындық  мінез-құлық тән. Бұл жайында  9 сынып  оқушысы  Даулетова Анар әңгімелеп  береді.

Келесі  романдағы көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге 10 сынып  оқушысы Халил Алишер  тоқталады.

С.Торайғыровтың  «Қамар сұлу» романы өз кезінде жаңашылдығымен көрінеді. Роман  әйел теңсіздігі тақырыбына арналып  жазылған. Сұлулығына, ақылы сай,оқыған,сауатты Қамардың өз теңі Ахметке  қосыла алмай, қауға сақалды ,тоң  мойын, надан, Қамардан жасы  үлкен Жорға Нұрымға  сатылып, қор болғанын, сол замандағы қыздардың теңіне  қосыла алмай, малға сатылған  өмір шындығы екендігін  жазушы  С.Торайғыров  ашына  жырлайды. С.Торайғыровтың  оқыған,сауатты  адамның қызықпайды, малқұмар  емес. Қызын  малға бола сатқысы келмейді. Оған  қарсы  тұрды. Автор  оның  мақсатына жетпей, сәтсіздікке  ұшырауының  өзі заман шындығынан  аса  алмауынан  деп  шарасыз әке ретінде көрсетеді. Әке  мен бала  проблемасын  тек  бір үй  ішілік  қарым-қатынас  тұрғысында түсінбей, бұл  жағдайдың әлеуметтік мән – маңызы жоғары мәселе екенін байқатты. Адамдардың   тұрмыс қайшылықтарының  ортасында жүріп, отбасына, қоршаған әлеуметтік  ортаға  деген  көзқарастары  қарастырылған  көркем шығарма деп түйіндейік. Енді өзіміз талдап отырған роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен салыстырып көрейік.

Енді балалар өздеріңізге үйге берілген тапсырма. Менің  қиялымдағы «Қамар  сұлу» бейнесіне тоқталайық.

8  сынып  оқушы:  Байдуллаева Алтынай

10 сынып  оқушы:    Раева Жанар           

Келесі  сөзді романның  қазақ  әдебиетінде  алатын  орны туралы  қазақ  тілі мен  әдебиеті пәні  мұғалімдеріне  сөз берейік. Оспанова Ғ.С. және Казиева А.С.

Қорытындылау   мақсатында:

 Қараңғы  қазақ көгінде

 Өрмелеп шығып күн болам!

 Қараңғылықтың  кегіне

 Күн болмағанда кім  болам!-деп  жырлап  өткен біртуар ақын  туралы  Ж.Аймауытов: «Сұлтанмахмұт  жас ақындардың бір күшті ақыны еді.Өнер, білім сәулесін  аңсап, құлашұрып, кедейлік, жоқшылық, зарын шегін, жауыз тұрмыспен  жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды .Тірі  жүрсе, өзі айтқандай қараңғы қазақ  көгіне өрмелеп шығып  күн болғандай , от- жалындай зулаған  болат, қайрат, құрыш – жігердің , кекті жүректің ақыны  еді»- дегендей, С.Торайғыровтың өмірімен шығармалары  ғасырдан ғасырға  оқырмандарын тауып , жалғасын таба берсін  демекпіз.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сол  асқақ арманы  орындалып, қазіргі қазақ  елі тәуелсіздігіне жетіп,  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан 2050» стратегиясында «бәсекеге қабілетті  дамыған  мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген ұстанымын мақсатқа  ала отырып, сіздерді осындай  еліміздің  елеулі азаматтары болып, 50 елдің қатарына  кіру үшін  өз үлестеріңізді  қосады деген сенімдеміз.      

 

Қысқаша сипаттау:

Конференцияға 40 оқушы және 6 мұғалім қатысты.

Мақсаты: оқырмандарға  жалындаған  жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ  халқының күйінің тұмшаланған қараңғылығына  налып, білімді,сауатты,жан-жақты оқыған,жаңашыл қоғамның өмірін аңсап,армандап кеткен дара ақын  С.Торайғыровтың шығармаларын  насихаттау.

«Қамар  сұлу» романын оқып,талдай отырып, ақынның  еңбектерінен, ақын туралы жазылған  естеліктерден кітап көрмесін ұйымдастыру , медиа кабинетте  компьютер арқылы слайдтар көрсету.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь