Сабақтың тақырыбы: Ауданның өлшем бірліктері.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Аудан және оны өлшеу тәсілдерін, оның өлшем бірліктері бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Астана қаласының суреттері, слайдтар.
Сабақтың типі: қайталау.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, баяндау, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық. (СЛАЙД№1)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабаққа дайындығымыз қалай?
Бір, екі, үш, Жалқаулықты тастаймыз,
Бойға жина күш . Сабағымызды бастаймыз.
-Сабағымызды бастамас бұрын сұрақ қояйын:
-28 қаңтар қандай ойындар басталды? (Универсиада 2017)
- 2016 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне неше жыл болды? 25 жыл
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ауданның өлшем бірліктері». (СЛАЙД №2)
Қайталау сабағы. Сабағымыздың мақсаттары:...................................... (СЛАЙД №3 )
-Шапалақты ұруға дайынсыңдар ма? (шапалақ ұрады)
Компоненттерді есімізге түсіреміз.
ІІ. Ауызша санау.
Оқушыларды отырғызу матрицасымен жұмыс істеу.
7*8 8*3 3*5 8*8 14/7 9*5 4*4
6*6 6*4 35/7 9*9 10/2 4*8 25/5
5*6 7*7 45/5 21/7 7*8 6*8 12//2
81/9 54/6 36/6 63/7 18/9 40/5 12/4
-Балалар, мына 2 фигураның қайсысының ауданы артық? (СЛАЙД №4)
-Біз оны қайдан білдік? (беттестіргенде)
-Ал егер осындай фигура болса, біз оларды беттестіре аламыз ба?(жоқ) (СЛАЙД №5)
-Онда қалай ауданды табамыз?(палеткамен)
-Ол не нәрсе?
-Ауданды біз немен өлшейміз? (сантиметр квадрат)
-Тек қана сантиметр квадратпен пен ба? (мысалы, осы кабинеттің ауданын өлшесек, немен өрнектейміз? Немен өлшейміз?) рулетка, сызғыш.
- Ал біз қандай тәсілмен пайдаланамыз? (ұзындығын еніне көбейту тәсілімен)
-Ол үшін қандай формуламен пайданамыз? (СЛАЙД №6) а дегеніміз не, в дегеніміз не?
-Ал біз қандай аудан өлшем бірліктерін білеміз? (жауап айтқаннан кейін СЛАЙД №7)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптерлерге бүгінгі күнді жазғызу.
саяхаттаймыз. Астана қандай қала? Біздің еліміздің бас қаласы. Индияның астанасы – Дели, Қытайдың астанасы – Пекин, Ресейдің астанасы – Мәскеу, ал Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Біз ауданның мм, см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін білеміз. Кейде үлкен жердің аумағын өлшеу үшін бұдан да ірі өлшем бірліктері керек.
(СЛАЙД №8) Қазақ жері ұлан – байтақ, кең. Ол қанша аумақты алып жатыр? 2млн.724 мың км2
-Ертеде см2 мм2 дм2 деген аудан өлшемдері болған жоқ.
(СЛАЙД №9) Қазақтың байырғы аудан өлшемдері : иненің жасуындай -өте аз деген мағынаны білдіреді, ат төбеліндей, ат тісіндей, ұлтарақтай, үй орнындай- орташа деген мағынаны білдірсе, кең байтақ, ұлан байтақ-өте үлкен дегенді білдіреді.
Енді, саяхатымызды бастайық. Бізге қазір Смирнов аулынан Астанаға жетуіміз керек. Астанаға дейін немен барамыз? - пойызбен барамыз.
-Пойызға отыру үшін не керек? (билет)
Билет алу үшін біз тапсырманы орындауымыз керек.
№1. (СЛАЙД №10)
Билет алдық, енді пойызға отырайық. Көзімімізді жұмайық. (пойыздың дыбысы естіледі)
Қандай фигура? Тіктөртбұрыш берілді.
Ұ. – 10 м
Е. – 8м
S- ? , P - ?
Р = 10+10+8+8 = 36м
S=8м х 10м = 80м2
(СЛАЙД №11)Астана қаласының темір жол вокзалына келдік. Жобаға сәйкес, ғимараттың ауданы 656 032 м2 құрайды.
Астанамыздың ең әсем, ең биік алыстан көз тартатын «Бәйтерегіне» барайық.
Билет алуымыз керек. (СЛАЙД №12) 110бет №1
(СЛАЙД №13)Бәйтеректің биіктігі 97 м, бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді.Арнайы шыны пакеттермен әйнектелген күмбездің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 шаршы метр. Мұнда кафе мен буфет, кең холл, екі жүрдек лифт т.б. объектілер бар.
Келесі көркем жеріне бет алайық. (СЛАЙД №14)Үшбұрыш тәрізді пирамидаға келдік. Бұл«Бейбітшілік және келісім сарайы». Пирамиданың ауданы 28 мың ш.м., биіктігі 62 метр. Ғимарат ағылшын архитекторы Норман Фостердің жобасымен салынған.
Ішін көргілерің келе ме? Онда келесі тапсырманы орындайық. (СЛАЙД №15) №5. а) Қай қатар ең жылдам әрі дұрыс орындайды.
Ішін көрдіңдер. (СЛАЙД №16) Бұл кісілер не үшін отыр? Кім біледі?
Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым. Ол республикадамыздағы тұрақтылықты сақтау айтулы үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Қызықты мәлімет айтайын. Биіктігі 25 қабатты үймен тең. 12 000 шаршы метр гранитпен қапталып, 15 000т цемент, 900 000 метр квадрат шыны т.б.құрылыс материалдары кеткен.Мұнда мұражай, көрме, кітапхана,1500 орындық опера театры бар.
Енді Сарыарқа деген көпірге барайық.
(СЛАЙД №17)№5 ә) 1 қатар б) 2 қатар
Әр қатардан бір-бір оқушыдан тақтаға шығып орындайды.
(СЛАЙД №18)Жаңа көпір «Сарыарқа». Ұзындығы 214м, ені33м.Тәулігіне 25 мыңға жуық машинаны өткізуге мүмкіндігі бар.
Сергіту сәтінің кезегі келді.
Келесі көркем жеріне барайық.
(СЛАЙД №19) №6. Ауызша орындау.
Ә) Кім жылдам жауап береді?
Мінеки, Астанамыздың тағы бір көздің жауын алатын ғимарат «Нұр – Астана» мешіті. (СЛАЙД №20)
Нұр-Астана мешіті Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды.
Ішкі әрлендіру жұмыстарына отандық сәулетшілер мен дизайнерлер атсалысты. Көркемдеу жұмыстарының авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғазиз Ешкенов. 5000 адам сыятын сәулет туындысы ливандық шебер Чарльз Хазифтің жобасы бойынша салынды. Мешіттің бас күмбезінің биіктігі – 43 м. Ғимарат барлығы 3930 шаршы метр аумақты алып жатыр.
(СЛАЙД №21) «Кім жылдам ойыны» Ауызша санап, жауабын айту. Нәтижесінде қандай жауап болады? Слайдтың жауабы: 70
(СЛАЙД №22) «Күн» деген атты субұрқақ өткен жылы Астана күніне орай ашылды. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Тек қана жазда кесте бойынша жұмыс істейді. Оның құрылысында суды ауаға 80 метрге дейін шаптырып су пушкалары орнатылған. Кешкі уақытта шоу жүргізу үшін 2880 прожекторлар орнатылған. Осы субұрқақтың ауданы 3600 метр квадрат.
(СЛАЙД №23) IV. Рефлексия. Қағазға не білдіңдер, не үйрендіңдер, не ұнады, не ұнамады жазып жабыстырып қоямыз.
(СЛАЙД №24)Үйге тапсырма. 110 бет №2,3
- Ауданды қалай табамыз? Қандай формулаларды білеміз?
-Қандай аудан өлшем бірліктерін білдік?
-Кеше қандай тақырып болды? (көбейтудің терімділік қасиеті) Одан басқа қандай қасиетін білеміз? (ауыстырымдылық қасиеті)
Қорытынды.
Бағалау. Матрицада оқушылар алған + санау. Жеңіп шыққан қатарды атап шығу.
Қосымша материал:
№7
1-баған 1-қатар 2-баған 2-қатар
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 3 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 10 кг тартса, 1 аяғымен тұрса неше кг тартады?
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау