Сынып: 7
Күні: 13.12.16ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырым!»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еліміздіңтәуелсіздікке дейінгі күндерінің қасіретке толы өткендігін сезіндіру арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу және ата – бабаларымызға мәңгі тағзым етуге насихаттау.
Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз
үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Туған жер туралы ақын – жазушылардың өлеңдері, слайд, видеосюжет, постер, қолөнер еңбегі, лента.
Барысы:
Ұйымдастырушылық кезең:
- Сәлеметсіздерме, ардақты ұстаздар және құрметті шәкірттер!? Бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздігінің 25жыл толу мерекесіне арналып отыр.
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт – береке шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елімнің!
Топқа бөлу (таңдаған лента түсі арқылы топпен отыру. )
Топ ережесімен таныстыру.(қайың ағашы арқылы түсіндіру.)
Қызығушылығын ояту:
-Бізқазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм – тұзды ақтай білген елміз. Осылай деп кім айтқан еді?
-Қаз дауысты Қазбек би.
Мағынаны тану:
16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Найзаның ұшымен, білектің күшімен, ата – бабамыздың қасық қаны қалғанша, күресудің арқасында ұлы жеңіске жеттік! Экранға назар аударайық!
Видео көрсетіледі.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық:
1-оқушы:1991 жыл - Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
2-оқушы:1992 жыл - Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
3-оқушы:1993 жыл - Ұлттық теңгеге көшу жылы.
4-оқушы:1994 жыл - Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
5-оқушы:1995 жыл - ҚР Конституциясы қабылданды.
6-оқушы:1996 жыл - Мемлекеттің жаңа ән ұраны, елтаңбасы,туы қабылданды.
7-оқушы:1997 жыл - Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алужылы.
8-оқушы:1998 жыл - Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
9-оқушы:1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
10-оқушы:2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы.
11-оқушы:2001 жыл - Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
12-оқушы:2003 жыл - Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
13-оқушы:2005 жыл - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
14-оқушы:2008-2009 жыл - Қазақстанда берілетін жәрдемақы, айлық табыс, пенсия көлемі жоғарылап халықтың әл – ауқаты артты.
2015 жылыҚазақхандығының 550 жылдығыатапөтілді.
Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
Топпен жұмыс:
1-топқа: Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңін түсіндіру.
2-топқа: постер жасау.
3-топқа: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту жасау.
«Әнім де саған, жырым да саған, туған ел!»
Оқушылар ақын –жазушылардың шығармашылықтарынан өлең-жырларын жатқа оқиды.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңін түсіндіру.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсылықты көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін керек.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл – кеңес тыңдау үшін керек.
- Жүрек деген не үшін керек?
- Жауларыңнан кыңбау үшін керек.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін керек.
- Ал, аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған елге қайту үшін керек!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау