Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Дөңгелек үстел «Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

 Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгібіздің дөңгелек үстеліміз  «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты тақырыпқа арналған.  Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 1-желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Ата-бабаларымыз азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойнымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол.

1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас-тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Ақталды бодақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

 

2-оқушы: Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың

Бұдан алған күндеріміз құрсын,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

 

3-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.

 

4-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

 

 

Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз. Барлығымыз тәуелсіз заманның, егеменді елдің бақытты қожасы болдық. Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн дегім келеді. Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі, көрмеген қасіреті қалмаған.

 

Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі- Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді. Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң. Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.

1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды. Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекшк. Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы. Сөйтіп, 1997 жылы 17 шілде де Қазақстанда «Тіл туралы»заң қабылданды. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады. Қазақ тілі өте бай, терең мағыналы, көркем тіл.

5-оқушы: 16 желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

 

 Қорытынды: Сондықтан басты құндылығымыз - Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты дөңгелек үстелімізді осымен аяқтаймыз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь