Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

"Теңге – тәуелсіздік нышаны"

Северо Казахстанская Область

Аккайынский район

Смирнов №3 орта мектебі

Тюлеева Гулжан Какимовна

Тақырыбы: Теңге – тәуелсіздік нышаны                                    

  Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Түрі: оқыта – үйрету ойыны
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, іздену, т. б.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сызбалар, слайдтар, т. б.
Техникалық құралы: мультимедиялық құрал

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі ашық сынып сағатымызды бастайық.

Аида                                                                                                                               

  Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
Ляззат: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.
Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.

Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Әрсен
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
Ляззат 200 теңге  
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін “Подделка банкнот преследуются по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Алмат 500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Нияз1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Нуржан2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Нұрлыхан  5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Анар 10000теңге                                                                                                             

 Өлшемі: 149х79 ммБасым түсі: күлгін көкБет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай  банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.              

Аружан   Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

Ақша  арқылы  топтқа бөлу.                                                            

«Табыс»                               « Тиын»                                                                                          
1.Құрметті оқушылар. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, сайысымызды жұмбақпен бастамақшымын:
1.Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)

2.Ұлы тұлғалары бар 
Керек құнды кағаздар (теңге) 
3. Мың... болғанша 
Бір ақылды басын болсын (сом) 
4. Айрықша белгісі 
Әлемнің тынысы 
Байлықтың белгісі (ақша) 

  1. Базарда бәрі бар, 
    ... ешкім бермейді. (ақшасыз) 
    6.Тиыннан ... құралады. (теңге) 
    7. ... тиынна өсер. 
    Жылқы құлыннан өсер. (теңге) 
    8. ... кетуге тырысады, 
    Есеп ұстауға тырысады. (Ақша) 

2.Сайысымыздың «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» сұрақтарға жауап беру                                                                                                                                               

-Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке?
-Қазақстанда тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды?
-Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.
-Конституция қай жылы қабылданды?
-Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
-Тудың авторы кім?
-Елтаңбаның авторы кім?
-Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?
-Алғашқы рет жаңа әнұран қайда орындалды?
-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды 

-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? 
-Теңгеде кім бейнеленген? 
-Ақша қандай қызмет атқарады? 
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай? 
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған? 
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? 
-Қайдан несие алуға болады? 
-Ақшаны қайда жинауға болады? 
-Ұлттық валюта ненің белгісі? 
-Ұлттық валюта дегеніміз не? 
-Теңге немен безендірілген? 
-Теңгеде қандай суреттер салынған? 
-Қазақ теңгесі қайда басылды? 

3.«Әр елде  — өз валютасы»                                                                                               

а) «Табыс»Италия – лира
Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда-/сом/

Ресейде -/рубль/

Германияда — /марка/

Америкада — /доллар/

б) « Тиын»Ұлыбританияда-/фунт/

Украинада — /гривна/

Қытайда — / юань/

Тәжікстанда — /манат/

Өзбекстанда — /сум/

Түркияда -/ лира /

Латвияда-/лат/

  Кореяда — / йена /                                                                                                               

  4.Сергіту сәті. Жағдаяттар  шешу .Балалар өмірде әртүрлі жағдайлар болады.Мен сендерге әртүрлі жағдайлар дайындадым.Соларды оқып, содан шығудың жолдарын қарастырыңдар.     Топ болып талқылап, жауабын  сахналаңыз.  

«Табыс»1-жағдай:Биылғы оқу жылында  қазақ  тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық  бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты  ұстағың келіңкіремей  тұр .Сенің іс-әрекетің …?                                                                                                     

 2-жағдай: Сен екі ініңді  бала бақшадан алып  қайттың.Інілерің  қарындары ашқандарын айтты. Сенде  60 теңге бар.   Балмұздақ  60 теңге, 3 алма 60 теңге,  1 қорап сағыз  60 теңге.   Қай затты алар едің? Неге?                                                                                                          

« Тиын»1-жағдай: Сенің  былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің  келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің  әрекетің…?   

2 жағдай:  Сен анаңмен бірге базарға денешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың.Аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың.Сен машинаны алғың келді. Ал анаңда бары 600теңге ғана…Сенің әрекетің…

  1. Сөздік.
    Төлем – плата 
    Қазына – богатство 
    Билік – власть 
    Үнемді – экономно 
    Несие беру – давать кредит 
    Ақшаны жинау – копить деньги 
  2. Мазмұнын анықтау
    Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар 
    дұрыс бұрыс 
    1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді. 
    2 Ақша – халық байлығы. 
    3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар. 
    4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі? 
    5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков. 
    6 Тиыннан теңге құралады. 
    7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді. 
    7.Сайысымыздың «Кім жүйрік атты» әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс                                                              

1.Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда  пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы-Инвестиция
8.«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. 

Сөзжұмбақ шешейік: (орнында отырып жасайды)

Тігінен:1.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

2.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

Көлденеңінен:

Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

 

9.Қорытынды                                                                                                           

    Қорытынды шығару: Ақша еңбекпен, біліммен  келеді.                                          

Марапаттау.

Нәтижесінде: Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз  боламыз

Қорытынды(мұғалім сөзі):                                                                                                                     

– Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22  жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь