Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

"Наурыз"

«Армысың, әз-Науырыз!» мерекелік іс-шараның бағдарламасы

 

(Әрбір стөлге ою-өрнегі бар нумерация қойылады.  Ашылуын «Қара жорға» биімен бастаймыз)

 

Ердәулет:

Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр тамаша.
Тамылжып тұр жараса,
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап

 

С. Диас:

Армысыздар, ұлтын сүйер даналар!

Армысыздар, елін сүйген аналар!

Армысыздар, білім берген ұстаздар!

Армысыңдар, ойнап-күлер құрдастар!

 

  • О, құрдас! Қайдан жүрсің? Қалай жүрсің? Көріспегелі көп болды ғой?
  • Ұлыстың ұлы күнін жар салып, ел қатарлы тойлап жүрмін. Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа достар көбейе берсін.
  • Оо, әумин! Әулие-әнбиелеріміз қолдап, жолға шығып, үй-үйді аралап наурыз көжеден ауыс тиіп қайтайық?!
  • Наурыз көженің дәмділігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... бес кесе, жоқ жеті кеседен артық іше алам... сенесің бе?\
  • Оу, құрдас, саған сенбегенде кімге сенемін?

(Олар сахна сыртына кетеді)

 

Асылхан: - Күн шаттыққа толы, гүлдер өсіп, жансызданған табиғаттың жаны кіріп, жаз мейрамға аяқ бастық. Асыр салған балалар, ойнақтаған лақтар, кісінеген құлындар, мөңіреген сиырлар.... қандай керемет көрініс!

 

Арлан, Дияр, Әсет, Дамир бәрі бірге ойнағалы ортаға келеді.

Ердәулет: - Балалар, достар асық ойнайық... қане менікі дөп түсті.... ту, қалт кетті сенікі

Асылхан: - менде ойнап жіберейін.... қане маған да асық беріңдер...

Алтынбек: - Әркімнің өз асығы болу керек. Құйма асығын кім берер дейсің?

Асылхан: - Қазақтың көңілі бір атым насыбайдан да қалады. Қане бір асығыңнан бере салсаң болмай ма?

Ердәулет: - ұста, достым. Қане қалт жіберме. Қане...

Жарадың, батырсың!!! Мен мана бірінші көрші елден келе жатып, Диасты көрген ем. Ол сонау екі үйдің наурыз көжесіне тойып шығып келе жатқан шығар. Шақырыңдар, көжеге тойған байекенің баласымен бір әзілдесіп алайық.

Алтынбек: Ендеше ол келгенше көрші қыздардың биін көріп қайтсак қайтеді?

 

БИ

 

Д.Диас: - Кімге қарап отыр? Кімді көре алмай отыр? Сонша кімге тамсанып отыр? Байекеңнің баласы келді, қарсы алыңдар!

 

(барлығы бірнің үстіне бірі мініп, биге тапсанып тұрған жердерінен құлап түседі, шошып кетеді.)

Асылхан: Байдың баласы болмай кеткір, қандай әдемі қыздардың биін көрсетпей қойдың ғой, тіпті...

Ердәулет: Әй, жарайды, қазір нағыз байекеш келеді. Әзіліміз дайын ба?

Алтынбек: дайын, дайын

Д. Диас: Кім? Нені? Қандай әзіл?

Асылхан: Туу, тыныш енді

(С.Диас келе жатады. Біреу ұлиды. Шошып кетіп, бір орында тұра қалады. Біреу мөңірейді. Тып-тыныш естіп отырып:

- Бағы бұйырмаған байғұс-ай. Аш қасқыр біреудің сиырын жемтік еткен-ау сірә?!

Дамир әулиенің кейпінде:

  • Біреудің малын жемтік қылып келе жатқан қандай жолаушысың?

С.Диас: - Жолы бұйырған, Алладан бұйрығы бар жанмын.

Дамир: - бұйрығын орындауға мен келдім... дайынбысың? Сен Асылханға домбыра берем депсің ғой?

С.Диас: - кім мен бе? Жоға, мен ондай сөз айтуым мүмкін емес. мені кідірме, бүгін мейрам ғой, әлі ауыл үйлерінің барлығына кіріп наурыз көже ішіп та үлгермедім. Өтінемін, мені қоя бер

Дамир: достар, ол сеніп қалған сияқты...

(Артынан достары шығып, күліп жібереді)

С.Диас: - осы мені келеке етпесе жүре алмайды. Нағыз күлкіге қарық қылған қожа болдым ғой тіпті.

Асылхан: - Достым, ренжіме. Біз сені, сағына келдік. Наурызыңмен құттықтай келдік.

Ендеше, барлығымыз «Қазақтай ел қайда?» әнін айтып шырқап жіберсек қайтеді? (АСЫЛХАН, ЕРДӘУЛЕТ, АРЛАН, АЛТЫНБЕК, С.ДИАС, Д.ДИАС)

 

Айгүл:  Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

 

(фанфара қосылып, шашу шашылады)

 

Назерке: Шілік біткен бүрленіп, Дала әсем түрге еніп,

Масайрады бар әлем Құтты жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың, Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын,Наурыз той- Ұлы күні ұлыстың!- дей келе, тағы бір әннің шырайына сән қосу үшін Ұстаздар қауымына сөз береміз.

 

Ұстаздар ән айтады

Дәулет Бәшімұлы - дауыс шығады:

  • Армысыңдар! Бармсыңдар! Тойларың тойға ұласа берсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Сіздерді, Алтын Орда хандығы «Армысың әз-Наурыз!» атты мерекелік кешке шақырады. Бағдарламаның шарты бойынша оған тек өнерлі адам ғана қатыса алады.

(Ердәулет, Асылхан, С.Диас, Д.Диас, Алтынбек, Арлан, Дияр, Дамир, Әсет өздерінше дайындала бастайды).

Ердәулет: - Мен – бишімін. Сол себепті мені кіргізеді.

Асылхан: - Мен – әншімін. Сондықтан мен де кіремін.

Дамир: - Мен домбыраның құлғындай ойнаймын. Сондықтан қалқаң құлақ күйші де керек.

Арлан: - Мен – актермын. Кез-келген комедияны ойнап шығамын, трагедияда жылап шығамын.

Дияр: - Мен-спортсменмін. Сосын да ел құрмет көрсетеді.

Әсет пен Алтынбек: - Біз – ұлттық өнерді сүйтендердің қатарынанбыз. Сондықтан әр өнерге тамсанатын да адам керек қой....

С.Диас: - Мен не деймін? Мен ұлттық тағамдарды сүйсініп жейтіндердің қатарынанмын. Әрбір тағамға да дұрыс баға бере білу керек емес пе?

Д.Диас:- Ал, мен, мен – Аспазбын! Астын қуырып, үстіне дәмдеуіштерді салып, өзбекше палауды пісірсем, одан артық не керек?

- Байқасақ, біз өнерлі екенбіз. Ендеше, ең әдемі киімдермізді киіп, Алтын Орда хандығында көрісерміз....

 

(Фанфары қосылады. Ортаға кресло әкеліп қойылды. Хан отырады. Оның қасында биші қыздар би-билеп думандатып жатады. Уәзірлер де тамашалап отырады. Халық жиналып жатыр..) Хан:

  • Жаңа жылымызды қарсы алуға келген қадірлі қазақ халқым! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Жаңа жыл жаңа бақытқа ұласа берсін!Жаңа жыл кеші басталсын.

Ердәулет: - Алдарыңызда әсем ән. Қарсы алыңыздар!

Уәзір: - Уа, Хан Ием! Өздерінің өнерін көрсету үшін көрші елдің өнерпаздары келді. Рұқсат етіңіз!

Хан: - Рұқсат!

    Көрініс 7-сынып

С.Дияс: - Дат, тақсыр!

Хан: Датың болса айт!
С.Дияс: -
Ұлттық ойынның техникасын жақсы меңгерген спортшыларымыз келіп тұр, кіруге рұқсат етіңіз!

Хан: - Уәзірлер қалай, рұқсат етеміз бе?

Уәзірлер: - Рұқсат, рұқсат!

Хан: - ендеше төрімізге келсін.

9-сынып оқушалары ойын көрсетеді.

Даяна: Уа, Хан Ием! Мен бір қызық көрініске тап болдым. Сол көріністі елшілікте бәрі талқылап жүр. Көрсетуге рұқсат па?

Хан: Қалайша рұқсат етпейін? Қызық болса, рұқсат етемін.

5 «а»-сынып  көрініс

Айгүл: Біз бүгін Ұлыстың ұлы күнін тойлап жүрміз. менің жүрегім «қазақ» деп соғады, «қазақ» деген тегімді мақтан етемін.

Арайлым: Сондықтан да «қазақ» десе бір-бірімізге туыстай құшақтасып, сіңісіп кетеміз.

 

«Қазақ осы» әні 6-сынып

 

Д.Диас: Бізге тағы да қонақтар келіп тұр. кіргізуге рұқсат етіңіз!

Хан: рұқсат, келсін!

                 10-сынып көрініс

қазақ биі 6-сынып

 

Финал «Наурыз-думан» әні


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь