«Тілдер фестивалі»
«Тілдер фестивалі»
Тіл ұлт тірегі атты тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара мектебімізде 14 қыркүйек ашық түрде жарияланған. Ашылу салтанатын бастаған шағын іс-шарамыз өткізілді. Бұл мереке тіл мамандарының ұстаздарына жүктелген болатын.
Ағылшын пәнінің мұғалімі – Маженова Шыныр Төлебайқызы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері – Шарипов Қайрат Кәрімұлы мен Закирина Асем Мерекеқызы.
|
Бұл мерекенің мақсаты: оқушылар әр ұлттың салт-дәстүрін, тілін, дінін, наным-сенімдерімен танысып, көрермендерге ұсыну. Мемлекетіміз көп ұлтты, тату, бірлікте. Сондықтан біз де, қатысушылар да белсенді жұмысқа қызу кірістік. |
Апта бойы түрлі сайыстар, интелектуалды ойындар, ашық сабақтар өткізілді. Ал 21 қыркүйек аптаның қасиетті күнінде бұл мерекеге орай жабылу салтанатын өткіздік.
Орыс, украин, татар, цыган, қазақ, түрік, өзбек халықтарының ерекшеліктері көрсетілді.
Орыс халқының каравайынан дәм татсақ,
Украиннің салтымен таныстық
Татар халқының талғамынан дәм татсақ,
Цыган халқының биіне тәнті болдық.
Қазақ халқымыздың беташарына қаттыссақ,
Түріктің сәлемдесуімен таныстық.
Ал өзбектің ұлттың киіміне назар аудардық.
|
|
Сонымен қатар мереке барысында әр қатысушының сөйлеу мәртебесіне, жүргізушілердің киімдеріне, тәлімгерлердің жауапкершілігіне аса зор көзқарас қадағаланды.
Қорыта айтқанда:
Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені баршамызға аян.
Халқым теңіз толқыған, тілім терең,
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылым не?-десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем,-демекші осы бір сөздер әр халықтың азаматтарынан үндей естілуі қажет.
Еліміздің болашағы-тілінде!
Тілімізді қадірлейік!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер